Маусым 2008 мұрағаты




Бақ және демократиялық үрдіс

 БАҚ және демократиялық  үрдіс

    

 «Бүгінгі  күндегі  БАҚ –дағы  демократиялық  үрдіс  қандай?»  біз  ең  алдымен  осы  сұраққа  жауап  беруіміз  керек. Негізінде  бүкіл  әлемдегі мемлекеттердің  БАҚ-дағы  демократиялық  үрдіс  бірдей  деп  айтуға  болмайды. Әр  мемлекетте  БАҚ  әр түрлі  бағытта  дамыды.  Сол  себептен де  әр  мемлектттегі  демократиялық  үрдіс те  әртүрлі. Мысалға,   Қазақстандағы  БАҚ-дары мен  Европаның БАҚ-ын еркіндік жағынан салыстыруға  келмейді. Қазақстан  70 жыл  бой  жабық  қоғамда  өмір сүрген  мемлекет болғаннан біздің журналистикадағы  еркіндік   әлі  толығымен  сіңе  қойған  жоқ.   Оның басты  себептерінің  бірі  деп  халықтың еркіндік пен демократияны  таза  күйінде   ұғына    қойған  жоқ  деп  алуымызға  да  болады. Жалпы  халық  демократияны  қалай  түсінетін  болса , БАҚ-дағы  демократия  солай  қалыптасады  деген  ұғым  бар. Яғни,  БАҚ-дағы  шынайылық пен  еркіндік  ол  ең  алдымен  халықтың  «еркіндік»  деп  нені  түсінетініне  байланысты.  Қоғамда  демократияны  халық  қалыптастырады.  

  Бүгінгі  күнде  Қазақстанда  таза  еркін  тәуелсіз ,  халықтық  мүддені  бірінші  орынға  қоятын   басылымдар  мен телеарналар  жоқ.  Әрбір  БАҚ-ы  белгілі  бір  топтардың  мүддесі  үшін  ғана  қызмет  етеді. Сонда ,  бүгінгі  қазақстандық  масс-медиадағы  еркіндіктің  жоқтығына  халық  өзі  кінәлі  болып  отыр ма?   Америкадағы  40-жылдарда  «Хатчис  комиссиясы»   қарастырған функциялар   бойынша БАҚ-ы : 1. халықты ағымдағы ақпаратпен  толық және обьективті түрде  қамтамасыз  етіп  отыруға;

 2. қоғамдағы  пікірлерді  жан-жақты  қарастыратын  құралға  айналуы;

3. қоғамдағы  шын құнды  бағыттар  мен  мақсаттарды көрсету;

4. халықты  қоғамдағы    болатын  өзгеррістерге  , процесстерге  тікей  қатысты  екендігін  түсіндіру    керек.   Осы  «Хатчинс  комиссиясының»  БАҚ-ң  соңғы  функциясы  бойынша  халық  қоғамдағы  еркіндіктің қалыптасуына  тікелей  байланысты. Демек,   бізді  қоршаған  ортада  болатын  түрлі процесстерді  болдыратын  да,  болдырмайтын  да   өзіміз.   Егер  халық  тарапынан  қоғамда  болып  жатқан  процестерге  немқұрайлық  басым  болса ,  онда  әрине  демократиялық  үрдіс  ешқандай  қоғамдық  институттарда  сақталмайды, ал БАҚ-дағы  демократиялық  үрдіс  туралы  айту  тіптен  күлкілі  болады.    Біздің  өзіміздің  Қазақстандық  ақпараттық  кеңістікте  демократиялық  үрдісті  толық  қалыптастыра  алмауымыз   заңды, саясатты түсінбеуімізден  және   ұлт  ретінде  біріге  алмауымыздан.   Әркім  халқтың, ұлттың  емес  өзінің  жеке  басының  мүддесін  ойлайды. 

 БАҚ-дағы  демократиялық  үрдіс  дамымаса  қоғам  - кереңнің,  соқырдың  және  мылқаудың  күнін кешеді. 

Сонда  «тәуелсіз  Қазақстан»  мен  «кеңестік  қазақстан»  айырмашылығы да  болмайтын  сияқты.  БАҚ-ы  демократиялық  үрдіс  жоқ  болса   қоғамда  да еркіндікте  өмір  сүруі  деген  мүмкін  емес  дүние.  Себебі,  БАҚ ─ол  ең  алдымен  қоғамдық  сананы  қозғаушы   күш  емес  пе?

 

 

Бүгінгі  біздің  еліміздегі  «демократия»  деп  қарастыратын  ұғым  жасанды  демократия, сөзбен  ғана  айтылытын  демократия.   Оның себептері  айқын:

1.адам  құқықьары  сақталмайды; 2 әлеуметтік  тұрақсыздық(билік тарапынан  халықты  қорғау  жоқ ) ; 3 БАҚ-дағы  еркіндік болмауы; 4    экономикадағы, кез-келген өзге  саладағы    монополия.  Қашанға  дейін  Қазақстандағы  билік  халықты  жалған  демократиямен  алдап отыра  береді?

 

 

 Шынайы  демократияға  жетудің  басты  жолы    халықтың  саясатқа ,  экономикаға  белсенді  түрде  араласуы,  өз  құқықтарын  қорғай алатындай  дәрежеде  болу, барлық  салада  сауатты  болу, ұлттық  мүддені  ойлау, ұлт  ретінде  бірігу.

 

Add comment Маусым 2, 2008

  • Мұрағат

  •  

    Маусым 2008
    M T Ср T F S S
    « May    
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    30  
  • Соңғы пікірлер

  • Айдарлар жинағы

    Uncategorized
  • Blog Stats

    • 136 hits
  • Авторлары

  • Соңғы жазулар

  • Беттер

  • Ең көп оқылғандар

    • Жоқ
  • Категориялар

  •